$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2023, 14:57
Қоғам

«Бұл әр азаматтың парызы»: Алматыда «Almaty Clean & Green» акциясы өтті

Алматы әкімдігінің қолдауымен жалпықалалық сенбілікке 5 қоғамдық ұйым атсалысты

«Бұл әр азаматтың парызы»: Алматыда «Almaty Clean & Green» акциясы өтті

«Posadiderevo.kz» ұйымының өкілі Данияр Жолдасбаев қоршаған ортаны таза ұстау - әр азаматтың парызы деп біледі. Сол себепті бүгін таң алакеуімде тұрып, көпшілікпен бірге білек сыбана іске кірісіп, төңіректі қоқыстан тазартып тал егуді қолға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ағаш отырғызу – сауапты іс. Әр тұрғынның белсене араласқаны көңіл қуантады. Қаламыз көркейіп, жасыл желекке оранғанына күш салуымыз керек. Алдағы уақытта да осындай заманауи жалпықалалық сенбіліктер үнемі ұйымдастырылады деген сенімдемін, – деді «Posadiderevo.kz» ұйымының өкілі.

Алматы әкімдігінің қолдауымен 8 ауданда өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке 5 қоғамдық ұйым атсалысып отыр. «Posadiderevo.kz» ұйымы Түрксіб ауданындағы «Желтоқсан» саябағының тазалығына жауапты. Қала әкімдігі жиналған қоқыстарды шығарып, халықты қажетті құрал-жабдықпен, ас-сумен қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары