22.04.2023, 11:19
Қоғам
Түркияда зілзаладан баспанасыз қалғандардың шатырын торнадо ұшырып әкетті
Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер орналастырылған шаһарға қуатты торнадо соққы берді
Күшті жел адамдар уақытша паналап отырған контейнерлер мен шатырларды көкке көтеріп, ауада шыр айналдырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Табиғаттың тосын мінезі жалпы алғанда 170 шатырды ұшырып әкеткен. Көпқабатты үйлердің де төбесі ортасына түскен. Жойқын дауылдың салдарынан бір адам қаза тауып, 40-тан астамы зардап шегіпті.
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияда екі ірі жер сілкінісі болды. Алғашқы 7,8 баллдық дүмпу Газиантеп қаласының маңында сағат 04:17-де сезілген. 7,5 баллдық екінші жер сілкінісі Кахраманмараш аймағында сағат 13:24-те болған. Айта кетейік, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 44000-нан асты.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)