22.04.2023, 09:02
Қоғам
Боксшы Дәулет Дәукенов WBC атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Қазақтандық спортшы Дәулет Дәукенов Оломоуцте (Чехия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті.
Дәукенов никарагуалық Робин Саморамен (19-19, 9 КО) жұдырықтасты деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жартылай орта салмақта өткен кездесу 8 раундқа есептелген. Жеңген спортшы ТМД бокс бюросы, славян және балтық елдерінің екінші дәрежелі WBC белдігін алатын еді. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшыға берілді.
Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіби бокс мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді және екінші дәрежелі WBC белдігін жеңіп алды. Ал Самора кәсіби рингте 20-шы рет жеңілді.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
