Тұрғындарға 189 млд теңге қарыз беріледі
ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасы аясында ел тұрғындарынан 27.940 өтінім түскенін жария етті.
«Осы кезге дейін қарыз алуға 317,2 млрд теңгеге 27,940 өтінім қабылданды. Соның ішінде 189,2 млрд теңгеге қарыз беруге 16,506 өтінім мақұлданды»,-делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар Ұлттық банк егер «7-20-25» бағдарламасы бойынша қандай да бір сұрақтар туындайтын болса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болатынын айтады. Және де ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен танысу мүмкіндігі бар.