$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2020, 13:21
Қоғам

КӘП: Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарларын беру басталды

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер қалада 5 нүктеде таратылады

КӘП: Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарларын беру басталды

10 наурыздан бастап АӘК алатын отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары беріле бастайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы «Магнум» сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі. Жалпы, мемлекеттік-әлеуметтік көмек 4,4 мыңнан аса баланы қамтиды. Олардың ата-аналары осы жылдың қаңтар-ақпан айларында АӘК алу жөнінде өтініш берген болатын.

Айта кетсек, 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға арналған әлеуметтік көмекке азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары кіреді.

Бұл жиынтық аз қамтылған отбасылардағы әр балаға тоқсанына бір рет беріледі.

«Қазіргі уақытта дүрлікпе мен кезектердің алдын алу мақсатында елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушылардың тізімін жасады. Әлеуметтік пакеттер ай сайын кесте бойынша беріледі. Әрбір беру пунктінде жауапты тұлғалар бекітілген. Әлеуметтік пакетті алушылар өз ЖСН-ді magnum.kz сайтына енгізіп, тізімде бар-жоғын тексере алады. Олардың аты-жөні күн сайын алфавиттік тәртіппен жарияланатынын еске саламыз. Кестеде азаматтардың кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді қашан және қайдан алуға болатыны және азаматтардың супермаркеттің қай филиалына бекітілгені көрсетілген. Көмек алушы тізімнен өзін тапқаннан кейін өзі бекітілген Magnum филиалына баруы қажет», - делінген хабарламада.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілетін «Магнум» сауда желісі супермаркеттерінің мекенжайлары: Алматы ауданы, Еділ көшесі, 26, Жансүгіров көшесі, 8/1 «Б» литері; Байқоңыр ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, 20; Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 55 «Д»; Сарыарқа ауданы, Алаш тасжолы, 23/1.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында мұқтаж жандарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуде еңбекке ынталандыру, әділ әрі таза болуы үшін АӘК-ті тағайындаудың механизмін реттеуді тапсырған болатын. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет пен АӘК және тұрмысы төмен отбасыларға арналған жаңа жәрдемақыны қосқандағы кешенді жаңа шаралар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АӘК