$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2023, 10:43
Қоғам

Мойындау керек, Қазақстандағы қалалардың келбеті көңіл көншітпейді – Тоқаев

Президент елдегі қалалардың сәулеті мен тазалығын сынға алды

Мойындау керек, Қазақстандағы қалалардың келбеті көңіл көншітпейді – Тоқаев

Қазақстандағы барлық деңгейдегі қалалардың келбеті көңіл көншітпейді. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдап біткен соң, президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікірін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз республикамыздағы бүкіл қалалардың, әсіресе Астананың жағдайына баса назар аударуымыз керек. Мойындайықшы, қалаларымыздың келбеті көңіл көншітпейді. Балалар ойнайтын алаңдар дұрыс жабдықталмаған, үйлер ала-құла. Шетелге шыққанда, әсіресе Шығыс Еуропаның, Балқандағы қалалардың келбетіне қарап, көз сүйсінеді. Тап-таза. Бұл бір жағынан сол қала әкімшілігінің жұмысы болса, бір жағынан халықтың мәдениетіне байланысты», - деді Тоқаев.

Президент елдегі ірі қалалар, соның ішінде елорданың келбеті бүкіл республиканың имиджіне әсер ететінін ерекше атап өтті. Дегенмен президент Астана ғана емес, елдегі бүкіл деңгейдегі қалалар таза әрі әдемі болсын дегенді алға тартты.

«Астана болсын, облыстағы басқа қалалар болсын, бәрінің жағдайы қазір нашар деңгейде. М ына жиында барлық деңгейдегі әкімдер отыр, осы мәселеге назар аударсаңыздар. Жуырда теледидардан бір сюжет көрдім, Семей қаласындағы балалар ойнайтын ауланы көрсетіп жатыр. Ауланың түріне қарасаң, ол жерде тіпті ойнаудың өзі қауіпті екенін түсінесің», - деді облыс орталықтарын да сынға алған Тоқаев.

Президент қала әкімшілігінен бөлек, сол қалалардың тұрғындары да өз көшелерін, өз үйлерін таза ұстасын деген тілегін білдірді.

Серіктес жаңалықтары