$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2023, 12:25
Қоғам

Бурабай демалыс аймағында сусын мен тағам өнімдерін сатуға тыйым салынды

Биыл қыста Бурабай көлдерінен үш тоннадай қоқыс жиналған

Бурабай демалыс аймағында сусын мен тағам өнімдерін сатуға тыйым салынды
Фото: caravan.kz

Бурабай демалыс аймағында сусын мен тағам өнімдерін сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «31-арнаға» сілтеме жасап.

Ұлттық парк басшылығы биылдан бастап мұндай саудаға орын бөлмейтінін хабардар етті. Осы арқылы ажары айшықты аймақты таза ұстауға тырысамыз дейді.

Ұлттық парк өкілдері қоғамдық орында тазалықты сақтамайтын демалушылардың барлығын бірдей жазалау мүмкін емес деп отыр. Олардың айтуынша, жазда көрікті мекенге қыдыруға келетіндердің көбі көлді қоқысқа толтырып, табиғатқа зиянын тигізеді.

Мәселен, биыл қыста Бурабай көлдерінен үш тоннадай қоқыс жиналған. Өткен жылы сауда дүңгіршектері қойылмаған жерлер әлдеқайда таза болыпты. Сондықтан Бурабай ұлттық паркінің барлық аумағында енді сауда орындары болмайды. Демалушылар ішіп-жейтін тамағын өзімен бірге алып жүруі керек.

«Демалыс аймағының жерлері тек велосипедті жалға беруге, боди-арт үшін және кәдесыйлар сатылымына беріледі. Мұндай шешім Ұлттық парк аумағына санитарлық жүктемені азайту мақсатында қабылданды. Оған қоса Бурабай тұрғындарының талап-тілектерін ескердік», - деді «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» директорының орынбасары Бауыржан Махметов.

Серіктес жаңалықтары