14.04.2023, 10:07
Қоғам
Теміртауда құтқарушылар екі баланы өлімнен аман алып қалды
4 және 3 жасар балалар үйде жалғыз болған
Теміртауда құтқарушылар екі баланың терезеден құлап кетуінің алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Теміртаудың тұрғын үйлерінің бірінде өтіп бара жатқан адамдар төртінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінен қарап тұрған балаларды көреді. Тұрғындар балалар абайсызда терезеден құлап кетпесін деп бірден құтқару қызметіне қоңырау шалған.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар айтылған мекенжайға дереу жетеді. Автокөлік сатысын орнатқаннан кейін құтқарушылар ашық терезеге көтеріліп, 2019 және 2020 жылы туған балаларды оқыс оқиғадан аман алып қалды. Бүлдіршіндер пәтерде жалғыз болған.
ТЖД ескертекендей, балалардың терезелер мен балкондардан құлап кетуіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрін терезелерден алыстатыңыз;
- масалардың торлары құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы бекіткіштер қойыңыз;
- балалармен ашық терезенің жанында болу қаупі туралы әңгімелер өткізіңіз;
- егер құлыптау құрылғысын орнату мүмкін болмаса, терезенің тұтқасын қажет болған жағдайда бұрап алыңыз.
Көп оқылған
13.06.2026, 14:57
БҚО-да жол талғамайтын көлік жыраға құлап кетті
13.06.2026, 11:36
Астана маңындағы бекетте полицияның қызметтік иті ірі көлемде есірткі тапты (ВИДЕО)
13.06.2026, 11:27
Шымбұлаққа көлікпен кіруге қойылған шектеу заңсыз деп танылды
13.06.2026, 10:58
«Қымбат пәтерлерге бронь алған»: Семейде үлескерлерді алдаған «Dala-SK» құрылыс компаниясының иелері сотталды
13.06.2026, 11:10
Қызыл, сары, көк: Астана әкімдігі туристерге арналған арнайы жол картасын сата бастады
13.06.2026, 17:20
14 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды