Ол бірқатар бастаманы қолға алу керек екенін айтты
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Мәжілістің жалпы отырысында жолдаған депутаттық сауалында жастардың тәрбиесі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Тәрбиесіз ұрпақтың Отанға да, ата-анаға да, қоғамға да опа әпермейтіні ақиқат. Ұрпағына дұрыс тәрбие бере алмаған халық тамырына құрт түскен ағаш секілді. Тамыры бүлінген ағаш шіриді, ұрпағы бүлінген халық іриді. Қыз тәрбие көрмесе арсыздыққа, ұл тәрбие көрмесе бассыздыққа бой алдырады. Дер кезінде шара қолданып, кеселдің алдын алмасақ, халық тағдырын тығырыққа тірейтін азғындаудың келеңсіз көріністері күн санап көбейе берері сөзсіз. Жасөспірімдер арасында жантүршігерлік тосын оқиғалардың соңғы уақытта тым жиілеп кеткені мектептерде, отбасында, бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі мәселесі ақсап тұрғанын көрсетеді», - деді Әлтаев.
Депутат Түркістандағы мектеп оқушысының өзекті өртер өкінішті өлімі, Қазалыдағы қатты соққылардан комаға түскен баланы айуандықпен жабылып тепкілеп жатқан жасөспірімдердің азғындық әрекеті, Өскемендегі топ құрып алып өрімдей қызды шешіндіріп, аяусыз сабап жатқан тәрбиесіз қыздардың жиіркенішті әрекеттері – бүгінгі дабыл қағудың негізгі себебі екенін айтты.
«Осы оқиғалар болған жердегі жауапты органдардың шындықты жасырып қалуға ұмтылуы халықтың наразылығын туғызып, көңілге үрей ұялатып отыр. Әлеуметтік желілерде ел дүрлігіп, жаңғырығы жалпақ жұртқа жайылғанда ғана ресми органдар тарапынан осы оқиғалардың ақиқаты айтыла бастады. Ал осы іспеттес оқиғалардың қаншасы «жабулы қазан» күйінде қалып жатқаны бізге беймәлім. Оның түрлі себебі бар. Мысалы: наурыздың басында Өскемен қаласында болған оқиға бойынша колледж студенті Әнел қызымызды аяусыз соққыға жыққан мектеп оқушысы Қарақаттың анасы білім басқармасында жұмыс істегені анықталып отыр. Өзге өңірлердегі оқиғалар бойынша да істің әділ тергеліп, қатаң шара қолдануына кедергі болған осыған ұқсас мысалдар келтіруге болады», - деді ол.
Тақырыпқа орай: Түркістан облысында мектеп оқушысы өзінен бір жас кіші баланы зорлаған
Депутат ел болашағы тәрбиелі ұрпақ екенін айтты.
«Ұрпақ тәрбиесінде жіберген қателіктердің түп-тамыры тереңде. Нақтырақ айтасам, өз баласының тәрбиесіне тікелей жауапты ата-анада, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын балбақшалар мен мектептерде, коледждер мен жоғарғы оқу орындарында, жасөспірімдер тәртібін бақылауға алуға тиісті құзырлы органдарда,қоғамдық әлеуметтік ортада және осылардың бәрін өнегелі тәрбие беру ісіне жұмылдырып отыруға тиіс мемлекеттік билікте жатыр», - деді Әлтаев.
Елімізде ізгілікті, қайырым, мейірім, қамқорлықты ұлық тұтатын әлеуметтік орта қалыптасуы қажет.
Тақырыпқа орай: Қызылордада мектептердің бірінде оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды
Депутат бірқатар бастама ұсынды: