Жол сапасы: еліміздегі автожолдардың жағдайы қандай

Azattyq Rýhy

Жол жөндеу бойынша 2023 жылға арналған жоспар белгілі болды

Жол сапасы: еліміздегі автожолдардың жағдайы қандай

Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды, соның 25 мың шақырымы - республикалық маңызы бар жолдар, ал 71 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.Республикалық маңызы бар жолдар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағында, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекеттік тапсырма аясында дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды Ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы жүзеге асырады.Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ көше-жол желісі жергілікті атқарушы органдардың қарауында.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков атағандай, 2022 жылы республикалық желі бойынша барлығы 11,6 мың шақырым жол жұмыстарымен қамтылды.

« Оның ішіндегі 4 мың шақырымы құрылыс және реконструкциямен қамтылып, соның 1,2 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды.Күрделі және орташа жөндеумен 3 мың шақырым жол қамтылды, 679 шақырымы аяқталды.Жергілікті автожолдар желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 4,6 мың шақырым жол қамтылды, оның ішінде 3 мың шақырымы аяқталды.Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 91%-ға, жергілікті желі бойынша 85% - ға дейін ұлғайтылды», - деді ол.

Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізілуде, олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылмақ. Елімізде бірнеше бағыт бойынша мыңдаған шақырым жол жөнделіп жатыр. 

«ОРТАЛЫҚ-ОҢТҮСТІК» БАҒЫТЫ

«Орталық-Оңтүстік» дәлізін дамыту аясында  «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Құрты-Қапшағай» учаскелерін реконструкциялау жалғасуда (946 шақырым, соның 543 шқ ашылды).

«Қарағанды-Балқаш» (363 шқ) учаскесі бойынша 281 шақырымда қозғалыс ашылған. «Балқаш-Бурылбайтал-Құрты»  учаскелерінде 262 шақырымда жол қозғалысы іске асырылуда және ағымдағы жылы «Құрты-Қапшағай»  учаскесінде жұмыстар жалғасуда.

Жалпы 2024 жылы пайдалануға беріле отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша қозғалыс ашуды жоспарланған.

«ТАЛДЫҚОРҒАН-ӨСКЕМЕН»

Еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде «Талдықорған-Өскемен» (768 шқ) автомобиль жолын реконструкциялау қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда жолдың 649 шақырымында қозғалыс ашылған.

Ағымдағы жылы 2023 жылы қозғалысты толық ашылуымен учаскені қайта жаңарту жалғасуда. Жобаның толық аяқталуы 2024 жылы жоспарланған.

«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ»

Сондай-ақ еліміздің батысында «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» дәлізін (819 км) дамыту жүргізілуде.

Биыл  «Қандыағаш-Мақат-Атырау» (440 шқ) учаскесін аяқтаймыз, ол бойынша қозғалыс толығымен ашық. Сондай-ақ, «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскелері бойынша қайта жаңартуды жалғасады.  «Атырау-Астрахань» бойынша жыл соңына дейін 40 шқ жұмыстарды аяқтау және бүкіл ұзындығы бойынша қозғалысты ашу жоспарлануда. Аталған учаске 2024 жылы пайдалануға беріледі.

«ҚЫЗЫЛОРДА – ЖЕЗКАЗҒАН»

«Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту жобасы екі негізгі бөліктен тұрады.Ұзындығы 218 шақырым болатын Қызылорда облысының аумағы бойынша (12-216 шқ) өтетін учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталған.Бұл ретте Қызылорда қаласын аралау учаскесінде ағымдағы жылдың сәуір айында қайта конкурс жариялау жоспарлануда.

Жалпы бүгінде жер төсемін, жасанды құрылыстар мен негіз қабаттарын салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы учаскелердегі жұмыстарды аяқтау 2024 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар Ұлытау облысы бойынша жол учаскелерінде мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Мердігерлік ұйымдарды анықтау жөніндегі жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың маусым айында дайындық жұмыстарының басталуымен жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылы 248 шақырым автожол күрделі жөндеумен қамтылған.

Биыл республикалық бюджет қаражатынан 30 млрд теңге бөлінді. Оның есебінен жыл соңына дейін автожолдың бүкіл ұзындығы бойынша қозғалысты қамтамасыз ету жоспарлануда.Қазіргі уақытта нысандарда ағымдағы құрылыс маусымына жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СУ ШАЙҒАН ЖОЛДАР

Қазіргі маусымдағы маңызды мәселе – су тасқынын жою.

«Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері республикалық желі бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында автожолдың жүріс бөлігін еріген қар суы басуының 8 қысқамерзімді жағдайы тіркелді.Ақтөбе облысында Қобда кентінің маңындағы «Самара-Шымкент» автожолының 613 шақырым учаскесінде еріген қар суын өткізу үшін жол төсемі ашылды. Жол төсемі қалпына келтіріліп, көліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысы үшін барлық жағдай қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда қозғалысты шектеу жоқ», - дейді Амангелді Беков.

Сонымен қатар жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1 634 нысан бар. Соның 74%-ы (1 204 бірлігі) Ұлттық стандарт талаптарына жауап береді. Биыл тағы 78 қызмет көрсету нысанын іске қосу көзделген, оның 53 объектісі жеке инвестицияларды тарту есебінен  және реконструкциялау мен жөндеу шеңберінде 25 санитарлық-гигиеналық торап қойылмақ.  Бұл осы жылдың қорытындысы бойынша ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін қызмет көрсету нысандарының үлесін 82%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту мақсатында былтыр жергілікті атқарушы органдардан 10% мөлшерінде субсидиялар қарастырылған болатын. Сондай-ақ, санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға айына 83 мың теңге көлемінде шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдау тетігі іске қосылды», - деді ол.

Сонымен қатар бүгінде жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу үшін жер беру рәсімін оңайлату мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі пысықталуда. 

Марья Айдарбаева

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.