Президенттердің отбасы мүшелері тізімде жоқ: Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді

Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізіледі

Президенттердің отбасы мүшелері тізімде жоқ: Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді
Фото: yvision.kz

ҚР Үкіметінің «Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, аталған өзгерістер зиратқа жерленетіндердің тізіміне әсер етпек.  

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасы 7 сәуірге дейін қоғам талқылауына ұсынылды.

Құжатта пантеон елорданың жергілікті атқарушы органының құзырында екені айтылған. Оның аумағына әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттар, сонымен қатар құлпытастар, саябақ және оған іргелес аймақтар кіреді.

Қайтыс болған (қаза тапқан) мына адамдар пантеон аумағында жерленеді:

Қазақстан Республикасының президенттері;

  • Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағалары;
  • министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;
  • «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ері» атақтарына ие болған адамдар;
  • «Алтын Қыран», «Отан», үш дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар;
  • «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» атақтарымен марапатталған азаматтар;
  • «Қазақстанның Ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы шешімі бойынша өзге де азаматтар;
  • пантеонға жерленуге жататын адамдармен бірге олардың қайтыс болған (қаза тапқан) жұбайлары жерленуі мүмкін.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.