Экология министрлігі тасқынның алдын алу үшін əкімдерді өзен арналарын тазалауға шақырады
Бірқатар облыстарда су тасқыны қауіпі бар
Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы гидротехникалық ғимараттарды аралап шықты. Ол Вячеслав су қоймасы мен қайтара реттегіштің жұмысымен танысты.
Бұдан бұрын айтылғандай, биыл гидрологиялық болжамға сəйкес, қалыптан тыс климаттық өзгерістер мен қардың қалың түсуіне орай ылғал мөлшерінің көп болуы себепті еліміздегі бірқатар облыстарында су тасуы мүмкін.
Төтенше жағдайдың алын алу үшін Қазақстанның Экология министрлігі ТЖ органдары, жергілікті атқарушы органдар жəне «Қазводхоз» РМК өкілдерімен бірге барлық гидротехникалық ғимараттарды тексеріп, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берді.
«Тасқын қауіпі болған жағдайда, гидротехникалық ғимараттарды сақтау үшін су қоймаларынан су ағысын күшейту қажет. Егер өзен аңғарларына қар толып қалса, əзірлік болмаса, тасқын қаупі өршиді. Сондықтан біз барлық жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс бердік: қай жердегі арнаны тазалау қажет, қай жерге қосымша техника керек, қай жерге кезекшілік қою керек, т.б. жергілікті атқарушы органдардың қазіргі міндеті осы ұсыныстарды уақытында орындау», - деді С. Громов.