$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2020, 16:48
Қоғам

Елорда мектептерінде 8 наурыз мерекесін тойлауға шектеу қойылды

Кеше Президент жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу жөнінде шешім қабылдады

Елорда мектептерінде 8 наурыз мерекесін тойлауға шектеу қойылды
фото: vechastana.kz

Коронавирус қаупіне байланысты Нұр-Сұлтандағы білім беру мекемелерінде бұқаралық шараларды өткізуге шектеу қойылды. Бұл жайында қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы вирустық инфекциялардың (ЖРВИ, тұмау) таралуының алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарына 8 наурыз мерекесі аясында балалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу кезеңінде жаппай келушілерді шектеу ұсынылды. Іс-шаралар жоспарға сай өткізіледі. Бірақ, адамдарың көптеп жиналуын болдырмау ұсынылып отыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев туиттер парақшасында халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу жөнінде шешім қабылдағанын жазды

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты Қазақстанмен байланысты 50-ден аса халықаралық рейс тоқтатылды. Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық қаупі жоғары елдерде 95 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Сонымен, Оңтүстік Кореяда – 35000, АҚШ-та – 40000, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 5100, Германияда – 5000, Ұлыбританияда – 3000, Италияда – 1800, Францияда – 1000 азаматымыз жүр.

Қазір коронавирус әлемнің 60 елінде таралып, вирус жұқтырғандардың саны 87 мыңнан асқан. Оның 80 мыңы – Қытайда, 4 мыңы – Оңтүсік Кореяда, 879-і – Иранда, 128-і – Италияда, 241-і – Жапония, 102-і – Сингапурда.

Бүгінге дейін Қытайдан 480 адам эвакуацияланған. Қытаймен тұрақты әуе рейстері, жаяу жүру бекеттері, көлік қатынасы, теміржолмен жолаушы тасымалы тоқтатылды. 5 наурыздан Әзірбайжанмен әуе рейстері қысқарады. Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады.

Ал Қазақстанда әзірге қауіпті вирус ресми тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары