Су басу қаупі бар 464 жол учаскесі бақылауға алынды
Былтыр 38 жол учаскесі су астында қалған болатын
Автомобиль жолдары комитеті су басу қаупі бар 464 жол учаскесін, 66 көпір мен 852 су өткізгіш құбырын бақылауға алды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Су тасқыны кезеңінде жұмысты уақытылы ұйымдастыру үшін 644 тонна жанар-жағар май, 8,1 мың текше метр құм, 6,8 мың текше метр тас, қиыршық тастың 17,2 мың текше метр қиыршық тас, 45,5 мың дана қап, 25 дана темір-бетонды құбыр дайындалды.
«Жалпы дайындық 90%. Су өткізгіш құбырларды және көпір арналарын қардан тазалау жұмыстары басталып кетті. Су басу қаупі төніп тұрған нысандарда 883 жол-пайдалану техникасы бекітілген», - делінген хабарламада.
Еске салайық, өткен жылы республикалық маңызы бар 38 автомобиль жолдары су астында қалды. Мұндай көрсеткіш Қарағанды облысында көп тіркелген (26 оқиға). Ақмола облысында 7, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жол учаскесін су басып, жалпы сомасы 90,3 млн теңге залал келтірді.