$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 12:30
Қоғам

Қазақстанда қолданыстағы банк карталарының саны бір жылда 57% көбейген

18 млн адамда 34 млн банк картасы бар

Қазақстанда қолданыстағы банк карталарының саны бір жылда 57% көбейген

Қаңтар айында Қазақстан аумағында жасалған  картамен төлемдер көлемі 1 586,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артық. Бірақ, нақты желтоқсан айымен салыстырғанда 17%-ға төмен. Мұның себебін талдау орталығы маусымдық факторлармен және жаңа жыл қарсаңындағы демалыстармен түсіндіреді.

Картамен есептесу бойынша бұрынғыдай Алматы қаласының үлесі жоғары (35%). Одан кейін Нұр-Сұлтан (17%), Шымкент қалалары мен Түркістан облысы тұр.

Кесте қолма-қолсыз төлеу 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда барлық өңірлерде азайғанын көрсетеді. Төлемдердің 74%-ы интернетке, 25%-ы POS-терминалдарға тиесілі.

Банк карталарындағы орташа чек қазір 11 553 теңгені (2019 жылғы қаңтарда — 9 916 теңге болған) құрайды. Ал банкоматтан Қазақстан азаматтары орташа есеппен 45 мың 366 теңге шешкен. 18 млн халыққа 33 млн 900 карточкадан келеді. Бұл 2019 жылдағы көрсеткіштен 57%-ға көп. Карталардың 77%-ы жеке есепшот карталары.19%-ы кредиттік, 2,2%-ы дебиттік карталар. Осы карталарды адамдар 24,9 млн рет қолданып, 1 134,7 млрд теңге ақша шешкен.

 

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары