$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 09:30
Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирустан қорғанудың жан-жақты шараларын қолға алуды тапсырды

Ауруды жұқтырғандар саны әлемде 80 мың адамға жуықтаған

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирустан қорғанудың жан-жақты шараларын қолға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бүкіл әлемге тарауына алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. Бүгінде аталған вирус 46 елге тарап, одан қайтыс болғандар саны 2788 адамға жетті.

«Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды», - деп жазды Президент өзінің Twitter-парақшасында.

Еске салайық, күні кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустың Қазақстанға келу қаупі жоғары екенін айтқан болатын.

«Қазіргі таңда бізде коронавируспен ауырғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, мүлдем болмайды деп мен айта алмаймын. Себебі, олай деп айту тәуекел болар еді. Біз елімізде ондай науқастар анықталып жатса, инфекция тарап кетпес үшін барынша тиісті шаралар қабылдауға дайынбыз. Бірақ ауру жұқтырған барлық адам қырылып қалады деген дұрыс емес, ондайға сенбеңіздер!», – деді Елжан Біртанов.

Серіктес жаңалықтары