ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Бауыржан Байбек Шымкентте жарығы жиі сөніп қалатын шағынаудан тұрғындарымен кездесті

Аталған шағынаудан 5 жыл бұрын құрылған

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкентке жасаған сапары барысында «Таскен» шағынауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Аталған шағынауданда 2 мыңнан атсам үй бар. Мұнда электр жарығы жиі сөнгенінен жергілікті халық зардап шегіп келеді.

«Осы мәселені шешудің жұмыс жоспарын тұрғындармен бірге талқыладық. Қыркүйек айына дейін жергілікті монополист «Оңтүстік Жарық Транзит» 270 миллион теңгеге 39 км жаңа желі тартуды және 9 трансформатор орнатуды жоспарлап отыр. Тарифтердің ашықтығы мен коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» бастамашылық еткен «Айқын тариф» жобасының аясында, біз бұл мәселені партиялық және қоғамдық бақылауда ұстаймыз», - деп жазды Бауыржан Байбек өзінің Facebook-парақшасында.

Кездесу кезінде тұрғындар басқа да түйіткелдерді, соның ішінде шағын аудандағы жолдардың сапасына қатысты мәселелерді ортаға салған. Жергілікті биліктің айтуынша, көктемде осындағы бірнеше көшені жөндеу жұмыстары басталады.