ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

ШҚО тынышталмай тұр: Тарбағатай ауданында митинг болды

Бұл туралы облыс әкімдігі де, аудан әкімдігі де ресми мәлімет бермей отыр

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған қытайларды ауруханаға жатқызу туралы фейк ақпарат тарағаннан кейін халықтың наразылығы тыйылар емес. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін 40-қа жуық Қытай азаматын отанына депортациялауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сәрсенбі күні Зайсан ауданының екі ауылында басталған кішігірім наразылықтың арты Ақжар ауылына да тарайтынын ешкім болжаған жоқ. Ақжарда коронавирус жұқтырған екі қытай азаматының ауруханаға жатқызылғаны туралы жалған ақпарат тарады. Зайсан ауылдарында болған жағдай Тарбағатай ауданында да қайталанып жатыр. Жалған ақпарат үшін ашынған халық әкімдіктен шындықты айтуын немесе қауіпсіздік шараларын қолға алуын сұрауда», - деп жазады автор.

Оның жазуынша, аудан әкімі халықпен ашық диалог орнатуға тырыспай, кабинетінен шықпауды жөн көрген.

«Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Қытаймен шекарада болғандықтан, алаңсыз ұйықтай алмай жүр. Олар өздері үшін, отбасы мен балалары үшін алаңдайды. Ал кеше Зайсан ауданында аудандық құқық қорғау органдарының арнайы бөлімінің жеке құрамы күшейтілді. Қазір ең бастысы – қорқынышты басу, жергілікті халық арасында коронавирус профилактикасы бойынша ақпараттық кампания жүргізу», - деп жазады Екатерина Гуляева.  

Тарбағатай ауданындағы оқиғалар туралы облыс пен аудан әкімдігі ресми ақпарат бермей, үнсіз отыр.