Шымкентте 500 балаға арналған оқушылар сарайы салынып жатыр
Кешеннің құрылысы 2023 жылы аяқталады
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қалада салынып жатқан оқу ордаларының құрылыс жұмысын тексерді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Солардың бірі – «Нұрсәт» ықшам ауданындағы былтыр құрылысы басталған оқушылар сарайы.
Жобаны салудағы мақсат – оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту.
7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған нысаның 42%-ы дайын.
Ғимарат 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Бұдан бөлек 81 көлікке арналған көлік тұрағы және 35 адамдық асханасы болады.
Нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
Шаһар басшысы “Білімді ұрпақ – іргелі елдің кепілі”, сондықтан оқушыларымыздың жеке жобаларымен, шығармашылықпен және спортпен айналысатын өз ордасы болуы керек”-дей келе, жауапты мамандарға нысанды жоспарға сай уақытында аяқтауды тапсырды.