ШұғылСҚО-да болған дауыл 24 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

2019 жылы Қазақстаннан 45 мыңнан астам адам көшіп кетті

Ал ішкі миграция 25,6 пайызға өсті

Фото: ашық дереккөзден

2019 жылы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанға тұрақты тұруға шетелден 12 мыңнан астам адам көшіп келген. Ал, осы уақыт аралығында республикадан басқа елдерге көшіп кеткендер саны 45 231 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Осылайша бір жылда миграция сальдосы минус 32 973 адам болды. 

Былтыр Қазақстанға ТМД елдерінен 9397 адам, басқа мемлекеттерден 2861 адам көшіп келген. Ал шетелге тұрақты тұруға кеткендердің 40 933-і ТМД елдеріне көшсе, басқа мемлекеттерге 4298 адам көшкен. Осылайша миграция сальдосы ТМД елдері бойынша минус 31 536 адам, басқа мемлекеттер бойынша минус 1437 адамды құрады.

2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда Қазақстанға көшіп келушілер қатары 4,1 пайызға азайып, мемлекеттен көшіп кеткендер саны 8 пайызға артқан. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдеріне тиесілі. Осы елдерге көшкен және көшіп келгендер сәйкесінше 76,7% және 90,5% құрады.

Статистика комитетінің хабарлауынша, республика аумағындағы көші-қон 25,6 пайызға өсіп, 1 115 737 адамға жеткен. Миграция сальдосы өңірлер арасында тек аймақта оң нәтиже көрсеткен: Маңғыстау облысы (1224 адам), Шымкент (2922), Нұр-Сұлтан (34 340) және Алматы (42 275).

Сұхбат
Малайзиядан  29 наурызда елге оралған туристің хикаясы
Ешқандай әскери дайындықта болмаған азаматтар шақырылып жатқан жоқ
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі