$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанға шетелден жалған ақша тасымалдаған трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері сотталды

Олар валютаны Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жасырын жөнелтіп отырған

Қазақстанға шетелден жалған ақша тасымалдаған трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері сотталды
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында жалған ақшаның заңсыз айналымына қатысы бар трансұлттық қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті. ҚР ҰҚК және прокуратура органдары бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда, Алматы және Өскемен қалаларында Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия азаматтарынан тұратын қылмыстық топ мүшелері ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тергеу барысында олардың аса ірі көлемде жоғары сапасымен ерекшеленетін жалған АҚШ долларын және евроны Қазақстан аумағына әкелуге және өткізуге қатысы бары дәлелденді.

«Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен топ басшылары мен мүшелері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны, сонымен қатар жалған ақшаны өткізгендері үшін кінәлі деп танылды.

Кінәлі азаматтар 9 жылдан бастап 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қолданылған шаралар еліміздің экономикалық әлеуетіне келтіретін залалды жоюға және қылмыстық ахуалды жақсартуға тиімді әсер етті»,-деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары