$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2020, 22:51
Қоғам

Қордайдағы қақтығыс себептері тереңде жатуы мүмкін – Абаев

Министр Қазақстанның барлық азаматы заң алдында бірдей жауап беретінін айтты

Қордайдағы қақтығыс себептері тереңде жатуы мүмкін – Абаев

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диолог» бағдарламасында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі оқиғаның хронологиясын жасады. Оның себебі – тұрмыстық сипатқа ие екені анықталды. Олар мәмілеге келген. Алайда мессенджерлерде зорлық-зомбылыққа шақырған, эмоцияға толы пікірмен сүйемелденген видеоның кесірінен сырттан кісілер іске араласып кеткен. Десе де, мұны кездейсоқ қақтығыс деп айтуға тағы келмейді. Бәлкім, оның себептері тереңде жатуы да мүмкін. Сол үшін қатаң кадрлық шешімдер қабылданды. Облыста әкім ғана емес, күш құрылымдарының басшылары да ауысты. Істің барлық мән-жайын қазір арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр», – деді министр.

Дәурен Абаев Қазақстанның барлық азаматының заң алдында бірдей екенін және адам өлімі мен зорлық-зомбылықты ақтай алмайтынын, оны жасағандар қатаң жазаланатынын атап өтті.

«Билік кінәлілерді қазақ немесе дүнген деп бөлмейді. Олардың бәрі де – Қазақстан Республикасының азаматтары. Заң алдында олар тең жауап береді», – деді Абаев.

Серіктес жаңалықтары