Шымкент әкімдігі жергілікті тұрғындарды қаланы таза ұстауға атсалысуға шақырды

Azattyq Rýhy

Қала тұрғындары уақытылы тазаланбаған қоқыс үшін тазалық компанияларына ақы төлеуді тоқтатқан

Шымкент әкімдігі жергілікті тұрғындарды қаланы таза ұстауға атсалысуға шақырды
Vera.kz

Соңғы уақытта Шымкентте тұрмыстық қалдықтар уақытылы шығарылмай, қала тазалығы жергілікті билік пен тұрғындардың басауруына айналды. Тазалықпен айналысатын компаниялар қоқыс жәшіктерін босатып үлгермегендіктен көшелер мен аулалар ластанып жатыр. Осыған байланысты Шымкент әкімдігі жергілікті тұрғындарды да қаланы таза ұстауға атсалысуға үгіттеп жатыр.

«Қолданыстағы заңнамада қаланың тазалығы екіге бөліп қарастырылған. Бірінші бөлігі – алаңдардың, көшелердің, аяқ жолдардың, аялдамалардың, саябақтардың, жалпы, барлық қоғамдық орындардың тазалығы. Бұған жергілікті билік тікелей жауапты.

Ал, тазалықтың екінші бөлігі – тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты. Заң бойынша тазалықтың бұл бөлігіне тұрғындардың өзі жауапты. Сол себепті тұрғындар тұрмыстық қатты қалдықтардың қаланың сыртындағы полигондарға тасымалдануы үшін коммуналдық қызмет көрсететін жекеменшік компанияларға ақы төлейді», - делінген Шымкент әкімдігі таратқан хабарламада.

Шымкент қаласында бұл қызметтің бекітілген тарифі бар. Көпқабатты тұрғын үйлерде жан басына – 170 теңге, жеке секторда жан басына – 200 теңге. Яғни, бұл жерде тұрғындар – қызметке тапсырыс беруші, ал тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалап, әкетіп жүрген жеке компания – қызмет көрсетуші мердігер болып есептеледі.

Демек, тұрыстық қатты қалдықты тазалау және тасымалдау жұмысы жеке тұлға мен мердігер компанияның арасындағы келісімшарттың негізінде жүзеге асып жатыр.

Бүгінде Шымкент қаласының аумағында 2 294 көп қабатты үй мен 4 268 көше бар.

Қазіргі уақытта тұрғындардың кейбірі қоқыстың уақтылы тазаланбағаны үшін қызмет ақысын төлеуден бас тартқан. Тараптардың арасындағы осы келіспеушіліктің салдарынан қалада уақтылы тазаланбаған қоқыс көбейе бастады.

Бұл жағдайда көптеген тұрғын жергілікті әкімдікке шағымданып, наразылығын білдіріп жатыр. Алайда, бұл – жеке тұлға мен мердігер компанияның арасындағы мәселе. Келісімшарт жеке тұрғын мен мердігер компания арасында жасалғандықтан, үшінші тарап, яғни әкімдік бұл мәселеге араласып, шара қолданып немесе сотқа шағымдана алмайды.

Тиісінше, тұрғындар қоқыстың уақтылы тазалануын әкімдіктен емес, өздері келісімшартқа тұрған компаниядан талап етуі тиіс. Тіпті, өз міндетін орындамаған компанияны тұрғындардың өздері сотқа беріп, оған айыппұл салдыра  алады.

Қоқыс шығару бойынша жұмысқа қанағаттанбаған жағдайда тұрғындар компаниямен шартты бұзуға құқылы. Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. Мұндай келісім шартты белгілі бір коммуналдық компаниямен тұрғындардың өздері өз қалауы бойынша жасайды. Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда, тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы.

Абай ауданының аумағында үш компания қызмет көрсетеді:

1. "ШымкентСпецКомплекс", Тел.: +7 702 753 7337;

2. "Керемет 2020", Тел.: +7 777 094 5576;

3. "Бастау", тел.: 8 701 701 00 50.

Әл-Фараби ауданында ҚТҚ шығарумен айналысатын компаниялар:

1. "Арнаулыавтокөлік", тел.: 8-701-505-75-36;

2. "ШымкентСпецКомплекс", тел.: 8 702 255-64-94;

3. "Спецавтотранс", тел.: 8 702 753 73 37.

Еңбекші ауданын бойынша:

1. "Вайсалидзе" ЖК, тел.: 8-701-137-57-03;

2. "ЭКО-ком тазалық", тел.: 8-778-233-97-41;

3. "Арнаулыавтокөлік", тел.: 8-701-505-75-36.

Қаратау ауданында жұмыс істейтін компаниялар:

1. "ЖанМейр", Тел.: +7 (701) 400-33-11;

2. "Вайсалидзе" ЖК, Тел.: +7 701 137 5703;

3. "Таза қала" ЖК, Тел.: +7 747 543-44-03;

4. "ПожТехМонтаж", Тел.: +7 778 883-52-77;

5. "Бастау", Тел.: +7 701 701-00-50.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.