$ 535.83  624.94  6.69
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда жаттықтырушы ер адам ерекше қыз баланы жарты сағат бойы қинаған (ВИДЕО)

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды 

Екібастұзда жаттықтырушы ер адам ерекше қыз баланы жарты сағат бойы қинаған (ВИДЕО)
Фото: скрин

Екібастұзда ерекше балаларды емдейтін орталықтың қызметкері сәбиді ұрып, қинаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желі қолданушысы таратқан видеода ер адам шамамен төрт-бес жасар баланы жатқызып, үстіне отырып алған. Қиналып, қашуға тырысқан сәбидің басынан ұрған.

«In.time.in орталығында балаларды осылай жаттықтырады. Бейнебақылау камерасы қосылып тұрғанына қарамастан, тәрбиеші қыз балаға осылай қатыгездік жасап отыр. Бұл нені білдіреді? Демек, ол мұндайды бұрын да істеген, ол үшін жазаманбаған, сондықтан бұлай істеуді әдетке айналдырған. Қандай қорқынышты... Бұған дейінгі жаттығуларда не болғанын елестетудің өзі қиын. Өкінішке қарай, өзге видеолар жарияланбай отыр», - деп жазды видео авторы.

Айтуынша, бала 30 минут бойы азапқа түскен.  

Болған оқиғаға байланысты Павлодар облысы бойынша баланың құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шакенова қылмыстық іс қозғалғанын атады.

«Барлық бейнежазбалар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу аясында мұқият зерттеледі. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасымен байланыстамын. Бала біртіндеп өз-өзіне келіп жатыр, оның психо-эмоциялық жағдайы тұрақталып келеді», - деді ол.

Екібастұз қаласы әкімдігі де сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары