02.10.2022, 16:20
Қоғам
Шымкенттік жастар «EcoStudentKZ» челленджін өткізді
Олар қаланы қоқыстан тазартты
Қазақстанның табиғатқа жанашыр студенттері бүкіл ел аумағында «EcoStudentKZ» челленджін бастап кетті. Олар осылайша қоршаған ортаны қоқыстан тазартып қана қоймай, өзгелерді тазалыққа үгіттейді.
Тазалық акциясы бүгін Шымкентте өтті. Жергілікті студент жастар Қошқар ата өзенінің жағасына келіп, шашылып жатқан қоқыстың бәрін тазартты. Сондай-ақ, олар қаладағы саябақтар мен алаңдарды да тазалауға бекініп отыр.




Шымкенттік эстафетаны павлодарлық студенттерге тапсырды. Енді Кереку жастары да қаланы қоқыстан тазару акциясын өткізеді.
«Қазақстан тұрғындарына айтарымыз – өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!» - дейді Шымкент жастары.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды