$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2020, 10:33
Қоғам

«Ақша жинауға мүмкіндік жоқ»: Қазақстандықтар табысының 45% тамаққа жұмсайды

Еліміз  ішіп-жеуден әлемдік рейтингте  96 орынға  жайғасты 

«Ақша жинауға мүмкіндік жоқ»: Қазақстандықтар табысының  45% тамаққа жұмсайды

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің   әлемнің 104 елінде  жүргізген зерттеу деректері бойынша,  қазақстандықтардың  тамаққа кететін шығыны  үлесі 44,9% - ды құрады деп хабарлайды Azattyq Rýhy ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл рейтингте Қазақстан Уганда (44,2%) мен Камерун (45,3%) арасында орналасты. Қазақстанды бұл  рейтингте Камбоджа, Гана, Гватемала, Пәкістан, Вьетнам, Гондурас сияқты елдер басып озған»,- деп жазады сараптамалық портал.

Айта кету керек, ел неғұрлым дамыған және бай болған сайын, халық шығынының аз бөлігін азық-түлікке бөледі. АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Австралия және Австрия әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ал Ресей мен Беларусьте азық-түлік шығынының үлесі тиісінше 28% және 32,2% құрады.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің хабарлауынша, 2019 жылдың үшінші тоқсанында үй шаруашылығы шығындарының жалпы сомасы 569,6 мың теңгені құрады, оның 284,3 мың теңгесі немесе 49,9% азық-түлік тауарларына тиесілі.

«2019 жылдың үшінші тоқсанында азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға тікелей шығындар 262,9 мың теңгені құрады. Оның ішінде ет және ет өнімдеріне (35,4%), нан және жарма өнімдеріне (14,2%), сүт өнімдеріне (9,9%), жемістерге (8,5%), қантқа, кондитерлік өнімдерге және тәттілерге (7,5%) көбірек жұмсалады»,- делінген зерттеуде.

Осылайша, Қазақстан халқы табыстарын  ең қажетті тауарлар мен қызметтерге, ең алдымен — азық-түлікке жұмсауына  тура келеді. Бұл  себеп   халыққа артық ақша жинауға  мүмкіндік бермейді.

Серіктес жаңалықтары