$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2020, 10:57
Қоғам

Еңбек дауы: инспекторлар жұмысшыларға 331 млн теңге қайтарды

Бір айда мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Еңбек дауы: инспекторлар жұмысшыларға 331 млн теңге қайтарды

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 69 кәсіпорында 2,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 342 млн. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады,- деп хабарлайды еңбек министрлігі.

«Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 331 млн теңге төленді»,- делінген баспасөз хабарламасында.    

Жалпы,  бір ай ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 442 тексеру жүргізді. 866  еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 28,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#еңбек даулары