ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жұрт нөпірі: Шекара қызметі түсінік берді

ҚР ҰҚК ШҚ бақылау-өткізу пункттерінің қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты

Кадр видеодан алынды

Екі ел шекарасы маңындағы қалың нөпір туралы желіде тарап кеткен видеоға қатысты ҚР ҰҚК шекара қызметі пікір білдіріп, шекараның қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

Әлеуметтік желілерде «Жамбыл облысының тұрғындары Қордайдағы кешегі оқиғадан кейін жұрт жаппай елден кетіп жатқан сияқты» деп болжам жасаған видео тарап кеткен еді.  

«Кешегі оқиғадан кейін жұрт жаппай елден кетіп жатыр», – делінеді kris_p_almaty05 Instagram-паблигінде жарияланған роликте.   

Өз кезегінде ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі осы видеоға қатысты мәлімдеме жасап, шекарада ешқандай дүрбелеңнің туындамағанын айтты.   

«Бақылау-өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Азаматтар ағымының өсуі немесе төмендеуі байқалмайды. Демалыс күндері арлы-берлі жүретін жолаушылар қашанда осылай көп болады. Шекара қызметі қосымша режим енгізген жоқ.Шекарадан жұрттың жаппай өтіп жатқаны байқалмайды», –  деді шекара қызметіндегілер.