ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

Еңбек адамдарының мүддесін қорғайтын меморандум жасалды

«Nur Otan» партиясы мен  Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Аталған құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамытуға бағытталған бірлескен іс- қимылдарды жүзеге асыру. Бұл туралы «Нұр Отан» париясының баспасөз қызметі хабарлайды.  Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс- қимыл мен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін екіжақты келісімге келді.  Жиында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек екі ұйымның әлеумет қамын жеп, жұртшылық мүддесін көздеуде мақсаттарының тоғысатын тұстары көп екенін алға тартты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр тұңғыш рет кәсіби мереке ретінде енгізілген Кәсіподақтар күнінде «Қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Б.Байбек.

Осы ретте, «Nur Otan» партиясы әрқашан қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша партияға 217 мыңнан аса арыз-шағым түскен, оның 3 мыңнан астамы еңбек заңнамасы, жалақының уақтылы төленбеуі, заңсыз жұмыстан шығару мәселелеріне қатысты. Яғни, қызметкерлердің еңбек құқықтары бойынша мәселелер біздің ел үшін өте өзекті.

Алдағы жұмыстарға «Jas Otan» жастар қанатының және «Келешек» кәсіподақ жастар кеңесінің белсенділері де тартылатын болады. Аталған жұмысқа «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялары жұмылдырылмақ. Қазіргі кезде кәсіподақ ұйымдарының облыстық деңгейдегі 10 өкілі, аудандық және қалалық деңгейдегі 16 өкілі «Nur Otan» партиясы атынан мәслихат депутаттары болып табылады. Алдағы сайлауда өңірлердегі мәслихаттардағы кәсіподақтардың өкілдігі ұлғайтылатын болады.