$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мүмкіндігі шектеулі 770 бала интернаттан отбасына оралды – Тамара Дүйсенова

Елімізде арнайы әлеуметтік қызметтер нарығын кезең-кезеңмен либерализациялау жұмысы жүргізіліп жатыр

Мүмкіндігі шектеулі 770 бала интернаттан отбасына оралды – Тамара Дүйсенова
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы жылдары 770 мүгедек бала интернаттан отбасына оралды. 800-ге жуық ата-ана балаларын қарауды әлеуметтік ұйымдардың күндізгі бөліміне тапсырып, жұмысқа орналасты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында мәлімдеді.

Бүгінде елімізде арнайы әлеуметтік қызметтер нарығын кезең-кезеңмен либерализациялау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Алайда, бұл қызметтер қалалар мен облыс орталықтарында ғана көрсетілетінін ашық айтуымыз керек. Ауылдарда тұратын мүгедектігі бар азаматтардың 45%-дан астамы жергілікті бөлімшелер үйде ұсынатын жалпы әлеуметтік жәрдемге ғана қол жеткізе алады.

«Сондықтан, бұған дейінгі тәжірибені ескере отырып интернат үйлерін демонополизациялау жұмысы жалғасады. Оның орнына мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігін пайдалана отырып, мүгедектігі бар азаматтар тұратын жерлерде сыйымдылығы шағын үйлер ашылады. Бұл шара «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы тәрізді іске асырылады», - деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Бүгінде осындай 100 мың азамат жұмыс істеп жүр. Бұл – еңбек жасындағы мүгедектігі бар адамдардың төрттен бірі ғана.

«Адамның қай топтағы мүгедек екені оның жұмысқа қабілеттілігінің немесе қабілетсіздігінің көрсеткіші болып саналмайды. Мүгедектігі бар 200 мыңнан астам адамның қалыпты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, қалғаны арнайы жағдай жасалса жұмыс істей алады. Егер мемлекеттің міндеті «еңбекке қабілетті барлық азаматты нәтижелі жұмыспен қамту үшін оларға бастапқыда тең жағдай жасау» десек, осы қағидат мүгедектігі бар адамдарға да қатысты болуға тиіс», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары