Бала зорлау қалыпты жағдайға айналды – психолог

Қызылордада бір жыл бойы зорлыққа ұшырап келген баланың ісін құқық қорғау органдары қысқартып тастай салған

Бала зорлау қалыпты жағдайға айналды – психолог
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Елімізде зорлыққа ұшыраған бала саны азаймай тұр. Ең сорақысы, кішкентайлар тек ересектер тарапынан ғана емес, мектептегі жасөспірімдер тарапынан да сексуалды зорлыққа ұшырауы жиілеген. Тіптен жасөспірімдер ғана емес, 5-6-сыныптағы ұлдар да жыныстық қатынасқа өзінен кішілерді мәжүбірлейтін жағдайлар көбейіп кеткен. Соның бір дәлелі – жуырда Қызылорда облысында 8 жастағы баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны. Ең сорақысы, бір жыл бойы зорлыққа ұшыраған оқушының жағдайын ата-анасы, не мектетегі мұғалімдері білмеген. Ал айуандық әрекетті құқық қорғау органдары естігенмен, істі қысқартып тастай салға, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты психологтар дабыл көтерді. Жаға ұстатар жайт демалыс күні, бала серуендеуге шыққанда болған. Есерсоқ балалар есуастық әрекетке ескірген ғимараттың ішінде барған. 

«6 күні полицияға арыз жаздым. Ертеңінде не болып жатқанын білу үшін тергеушіге бардым. Ол маған бұл қылмыс үшін тек әкімшілік айыппұл салуға болатынын айтты. Айыппұлды ата-аналар төлейді. Оның үстіне бұл балалар бәрін мойындады, істің қалай өрбігенін олардың ата-аналары да білді. Олар менен кешірім сұрап, баланың емделуіне және басқа да шығындарға ақша ұсынбақ болды. Бірақ мен келіспедім. Маған олардан ештеңе керек емес. Мен заң бойынша әрекет етемін», - деді зардап шеккен баланың анасы Гүлмира Серікова.

Іші шерге толы ана, заң органдары мұндай жағдайдың алдын алмай, болған қылмыстың жайылып кетпеуіне көбірек күш салады деп есептейді. Гүлмираның талабы, оқиғаның қылмыстық іс болып ашылуы және баласын қорлағандарды жазаға тарту. Қоғам белсендісі Дина Смайылова мұндай әрекеттерді жасырып, жабуды құқық қорғау органдары да, мұғалімдер де әдетке айналдырған деп есептейді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері тым көп емес деп санап, оны жасыруға тырысады. Оның айтуынша, өзіне соңғы алты айда балалары жасөспірімдер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған үш отбасы хабарласқан. Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан жәбір көрген жанұялар араша сұраған. Жабулы күйде қала беретін сұмдық істің сол қалпы қысқартылып кетпеуі үшін ата-аналар амалсыз әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа шағымдануға мәжбүр.

«Міне, солай болды, дәл қазір ол естімеген пропорцияларға ие болды. Мұның бәрі ашық дөрекілікке айналды, өйткені балалар ата-анасының оларды сатып алатынын анық біледі, ал олар бұл баланың шағымданбайтынын біледі. Мені қатты ренжітетіні, олар көбіне оны жақтамайтынын анық білетін баланы таңдайды. Мысалы отбасында ата-анасы жоқ, тек әйелдер тәрбиелейтін баланы таңдайды. Құрбандарын жақтап, араша түсетін ағалары жоқ балаларды таңдайды», - деді «NeMolchi.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смайылова.

Психологтар баланың мұндай қылмысқа баруының себебі шектен тыс еркіндіктен деп есептейді. Ата-анасы мен ұстаздары баланың әлеуметтік ортасын, интернеттен не көріп, қандай жаңалықтарды оқитынын қадағаламайды. Көбінесе мектепте баланы қорқыту-үркіту, кемсіту мәселелері шешілмейді. Сонымен қатар, тәрбие жағында да олқылықтар бар деп санайды мамандар. Өйткені көбінесе мұндай қылмыстарды отбасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа тап болған жасөспірімдер жасайды және бұл қалыпты мінез-құлық ретінде қабылданады.

«Отбасы үшін бұл қалыпты жағдай сияқты көрінеді, бірақ бала мазасыздану күйін бастан кешіреді. Қатігездік көрген бала өзін тыныштандыруды, қобалжудан құтылудың жолын іздейді. Дәл осы кезеңде олар ойынның жыныстық сипатын пайдаланады, яғни олар флирт жасайды және бұл біз көріп, біліп отырғандай қорқынышты әрекеттерге жетелеп, соңы сұмдық жағдайларға соқтырады. Баланың зорлыққа ұшырауы қалыпты жағдайға айналып келеді», - деді психолог Ольга Мустафина.

Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ең алдымен мәселенің жай-жапсарын жасырмай, жоққа шығармай, оның ауыр қылмыс екенін балаға ерте кезден түсіндіріп, ашық айта бастау керек деп санайды. Ата-аналар балаларының өміріне, олардың эмоциялары мен сезімдеріне көбірек көңіл бөлсе, жасөспірімдер арасында ауыр қылмыс әлдеқайда аз болатыны сөзсіз, дейді мамандар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.