$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2020, 15:13
Қоғам

«Қырғыз кәсіпкерлері Қазақстандағы мафиялық топтарды байытып жатыр» – Жогорку Кенеш

Бір аптадан бері екі ел шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр

«Қырғыз кәсіпкерлері Қазақстандағы мафиялық топтарды байытып жатыр» – Жогорку Кенеш

Жогорку Кенештің депутаттары Премьер-министрден қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселені шұғыл шешуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қырғызстандық БАҚ-қа сілтеме жасап. Үкіметке үндеу тастаған депутат Азамат Арапбаевтың сөзінше, қырғызстандық  экспорттаушылар тауарларын Қазақстан шекарсынан уақытында өткізе алмай отыр.  Жогорку Кенеш-тің  отырысында  Қырғыз Республикасының  ЕАЭО-ға  қосылғанына 5 жыл толса да жергілікті кәсіпкерлердің  зиян шегіп отырғаны айтылды.

Депутаттың сөзінше, Қырғызстан  ЕАЭО-қа кіргенде кәсіпкерлерге миллиондаған тұтынушы бар нарыққа жол ашылады деген уәде берілген. Бірақ, ол әлі күнге дейін орындалмаған. Керісінше, нарық мафиялық топтардың қолында деп санайды.

«ЕАЭО-ға кіргенімізге 5 жыл болды. Бірақ біздің мемлекетіміздің барлық күш-жігері Қазақстанның салық органдары мен кеден қызметкерлерін байытуға жұмсалады. Шекарадан өткен кезде қырғыз кәсіпкерлері жүк қоспасына байланысты бір ауыр жүк көлігі үшін 500 ден 5000 доллар аралығында ақша төлеуге мәжбүр. Одаққа қосылу кезінде бізге Қырғыз Республикасы үшін, үлкен мүмкіндіктер ашылып жатқандығы айтылды. Алайда, іс жүзінде біз көрші елдің мафиялық құрылымдары үшін жұмыс істеп жатырмыз », - деді Азамат Арапбаев.

Еске салайық, Қазақ-қырғыз шекарасында жүзден астам  жүк көліктері соңғы бір аптадан бері қаңтарылып тұр. Оқиға  Қырғызстанның  Иссык-Ата ауданына қарасты  «Ақ-Тілек автожолы» өткізу бекетінде  болған. Қырғызстанның Шекара қызметінің хабарлауынша, кептелістің пайда болуына Қазақстан тарапы  кінәлі. Себебі мемлекеттік кірістер комитеті  жүк көліктерін қосымша тексеріп  жатыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары