$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2022, 09:16
Қоғам

Білім беру саласының қызметкерлері ауылдық жерде азайып, қалаларда көбейіп келеді

Қалада білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны бір жылда 2,5%-ға өскен

 

Білім беру саласының қызметкерлері ауылдық жерде азайып, қалаларда көбейіп келеді
Фото: inform.kz

2021 жылы білім беру саласында 1,12 миллион адам жұмыс істеді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1%-ға көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, 2020 жылы бұл секторда 1,11 млн адам, яғни жылына 0,1% адам жұмыспен қамтылған.

2021 жылы білім беру саласының 10 қызметкеріне орта есеппен 16 жасқа дейінгі 52 бала мен жасөспірімнен келді. Республиканың 17 өңірінің жетеуінде көрсеткіш Қазақстан бойынша орташа деңгейден жоғары болды. Елдегі барлық халық саны бойынша әр 10 қызметкерге 169 адамнан келген. Мұнда 17 облыстың 8-інде көрсеткіш республикалық көрсеткіштен жоғары болды.

«Қалада білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны бір жылда 2,5%-ға өсіп, 570,7 мың адамға, ауылдық жерлерде керісінше 0,6%-ға, 549,4 мың адамға азайды.

Өңірлік тұрғыда білім беру саласында ең көп жұмыспен қамтылғандар Түркістан облысында болды: 141,9 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,8%-ға артық. Үздік үштікке халқы тығыз орналасқан Алматы облысы (128,8 мың адам) мен Алматы (95,5 мың адам) қаласы кірді», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ауыл жастарына берілген білім квотасы ақталып жатқан жоқ – сарапшы пікірі

Білім саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 2021 жылдың төртінші тоқсанында 219,2 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 24,2%-ға артық. Саладағы жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі 14,3%-ды құрады.

«Жоғары оқу орындарының қызметкерлері үшін атаулы жалақы 299 мың теңгені, орта білім беру саласы – 246,9 мың теңгені, қосалқы білім беру қызметі – 203,7 мың теңге, бастауыш білім – 180 мың теңгені, мектепке дейінгі тәрбие 112,6 мың теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда саладағы ең жоғары жалақы елордада тіркелді: 344,5 мың теңге. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Алматы облысы да кірді. Батыс Қазақстан облысындағы сала қызметкерлері ең аз жалақы– небәрі 181,7 мың теңге алған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары