$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2019, 10:25
Қоғам

Айнұр Тұрсынбаева үшінші рет тұрмысқа шықты - дереккөз

Әлеуметтік желіде атақты айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның бетінде қалы, иегінде сақалы бар жігітпен түскен фотолары тарап кетті. Желі қолданушылары ақынның тұрмысқа шыққаны жайлы жарыса жазып жатыр. Ал, біз ақынның жанындағы бейтаныс жігіттің биографиясына тоқталдық. 

Айнұр Тұрсынбаева үшінші рет тұрмысқа шықты - дереккөз

Бұл сұрақтың анық-қанығын білу мақсатымен Айнұр Тұрсынбаеваның көмекшісіне хабарласқанымызда ол сөйлесуден бас тартып, тұтқаны тастай салды. Дегенмен, Айнұрдың ортасымен жақын араласатын дереккөз ақынның тұрмысқа шыққанын растады. Ол «күйеу жігіттің» отбасымен арнайы танысып, дастархан жайған екен. Дереккөз жас жұбайлардың қуанышымен бөлісу үшін дастархан басында бірқатар өнер және спорт жұлдыздары болғанын айтып берді.

Интернет кеңістігінде тараған фотолардағы жігіттің есімі – Нұржан Иманалиев. 1983 жылы туған азамат Жамбыл облысы, Жаңатас қаласынан. «Нойс» (noise – ағылшынша «шу») деген лақап атпен қылмыс әлемінде кеңінен танымал. Дереккөздің сөзіне сенсек, ол бұған дейін түрмеде жазасын өтеп шыққан көрінеді. Биыл 30 тамызда YouTube видеопорталында Нұржанның «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевпен (бірнеше рет сотты болған) бірге Ыстанбұлда түскен видеосы жарияланды.

Сондай ақ, дереккөз Айнұрдың күйеуі Ыстанбұлда «Noise» дейтін караоке-бар ашқан және осы мегеполисте оның вилласы бар дейді.

Соңғы уақытта Айнұр Тұрсынбаева да  уақытының көп бөлігін Қазақстанда емес, Түркияда өткізеді. Оған Instagram-дағы «Stories-і» дәлел. Тіпті, ол психологиялық тренингтерді осы шаһарда отырып онлайн жүргізеді. Мысалы, соңғы жүктеген видеоның бірінде ол атақты «NusrEt» мейрамханасында «NL» желілік маркетингімен айналысатын қыздармен бірге тамақтанып отырғанын салған. Айтыскер осы компанияның Қазақстандағы көшбасшыларының бірі.

Айта кетейік, Тұрсынбаеваның екінші күйеуін де жұртшылық жақсы танитын. Ол да Жамбыл облысынан шыққан. Шамсат Исабеков белгілі кәсіпкер, Қазақстан Таэквондо федерациясының құрметті президенті. 2002-2008 жылдар аралығында Парламент Сенатының депутаты болды. Исабеков Айнұр Тұрсынбаеваның екінші күйеуі. Ортақ балалары жоқ. Қазір ер жеткен ұл-қызы бірінші күйеуінен. Айнұр 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданында туған. Су жаңа күйеуінен 6 жас үлкен.

Серіктес жаңалықтары