$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2019, 12:00
Қоғам

Министрлер мектептерде экология туралы сабақ өткізеді

3 қазанда Қазақстандағы барлық мектептерде «Эко-сағат» акциясы басталады. Бұл туралы Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Министрлер мектептерде экология туралы сабақ өткізеді
recyclemag.ru

«Достар, осы бейсенбіде еліміздің барлық мектептерінде «Эко-сағат» атты факультатив оқытыла бастайтынын қуана хабарламақпын. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 3 қазанда Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні аталып өтеді», - деп жазды министр Twitter-дегі өз парақшасында.

Министрдің дерегі бойынша, акцияға барлық Үкімет мүшелері, өңір әкімдері қатысады. Олар республика мектептерінде сабақ өткізіп, содан кейін оқушыларға ағаш отырғызуға көмектеседі.

«Біз бұл күні Қазақстанда 200 мыңнан аса ағаш отырғызылады деп үміттенеміз. Қазақстанда «эко-сағат» өткізу дәстүрге айналып, халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге едәуір үлес қосады деген ойдамын», - деді Экология министрлігі басшысы.

Жоспар бойынша, акцияға Қазақстандағы 6 мың мектеп пен 2 млн оқушы қатысады. 12 қазанда еліміздің барлық тұрғындары акцияны жалғастырмақ.

Серіктес жаңалықтары