Спрей түріндегі вакцинаға «Спутник Н» деген атау беру ұсынылды
Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығының директоры осындай ұсыныс айтты
COVID-19-ға қарсы мұрынға себетін спрей түріндегі вакцинаға «Спутник Н» деген атау беру ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Спутник Н» деген атаудағы Н әрпі - назальді дегенді білдіреді, деп көрсетті Н.Ф. Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург.
Гинцбург бұл вакцина 8 сәуірде Ресей Федерациясы аумағында азаматтық айналымға шыққанын және өңірлерге жеткізіліп жатқанын мәлімдеді.
1 сәуірде Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы спрей түріндегі «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасы ресми тіркелген болатын. Ведомство өкілдерінің айтуынша бұл спрей түріндегі әлемдегі алғашқы вакцина.