09.04.2022, 15:06
Қоғам
Қазақстанда наурызда 68 мыңға жуық пәтер сатылды
Бұл биылғы жылдың ақпан айымен салыстырғанда 45,6%-ға артық
фото ашық дереккөзден
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2022 жылдың наурыз айында елімізде жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу бойынша 67,8 мың шарт жасалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жылжымайтын мүлік бойынша жасалған шарт санының артуы Қостанай облысында байқалды. Мұнда бұл көрсеткіш 2,2 есеге өсіп, нәтижесінде 3,4 мың келісім тіркелді.
Баспана сатып алу бойынша ең белсенді аймақ Қарағанды облысы, мұнда 11,4 мың адам үйлі болды. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 8,6 мың, Алматы қаласында 6,6 мың адам жылжымайтын мүлік сатып алған.
Ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркеді, мұнда баспаналы болғандар саны 1,1 мың адам.
Көп оқылған
09.07.2026, 10:56
Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты (ВИДЕО)
09.07.2026, 12:59
Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған