Жедел жәрдемде тексеріс: Павлодарда қабырғасы сынған сәбидің жағдайы белгілі болды
Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылы туған сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz- сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Екі жақты жіті полисегментальды пневмония диагнозына байланысты жағдайы тұрақты және ауыр. Сондай-ақ церебральды сал ауруы, симптоматикалық эпилепсия, конвульсиялық синдром диагноздары қойылған», - дейді басқармада.
Бұған қоса, баланың сегізінші қабырғасы сынған.
Еске сала кетейік, бір жарым жасар баланың анасы Іnstagram әлеуметтік желісінде алғашқы көмек көрсету кезінде баланың қабырғасы сынғанын және ауруханаға бара жатқанда бала басымен құлап кеткенін жазған болатын.
Облыстық жедел жәрдем станциясында бұл шағымға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталғанын хабарлады.