$ 518.34  607.91  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттегі зообақ басшылары жыртқыштарға 116 млн теңгеге ет сатып алмақ

Зообақта ірілі-ұсақты 3 мыңға жуық жан-жануар бар

Шымкенттегі зообақ басшылары жыртқыштарға 116 млн теңгеге ет сатып алмақ
Фотоколлаж

Шымкенттегі мемлекеттік хайуанаттар бағы 116 111 012 теңгеге мал етін сатып алуға мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялаған деп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатта қой еті – 21 млн теңге, жылқы етінің құны – 35 млн теңгеден астам, сиыр еті 60 млн теңгеге жуық деп көрсетілген.

Айта кетерлігі, сиыр еті келісіне (I санаттағы балғын ет) – 2 336 теңге, қой еті (I санаттағы балғын ет) – 2 244 теңге, жылқы еті (I санаттағы балғын ет) – 2 574 теңге деп бекітілген. Бұл жануарлардың бір жылға жейтін азығы.

Мал етін сатып алуға конкурс 13 наурызда жарияланған, құжат қабылдау наурыз айының 29 күні аяқталады екен.

Қазір зообақта ірілі-ұсақты 3 мыңға жуық жан-жануар бар екен. Оның ішінде мал етімен қасқыр, аю, жолбарыс, түлкі қоректенеді. Шымкенттегі мемлекеттік зообақ қаланың мәдениет басқармасына қарайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент #зообақ