$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жастардың проблемасын шешіп, дамуына жағдай жасалады»: «Jas Otan» өкілі жастар қанатын қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты

Жұмыссыздықпен күреске күш салады

«Жастардың проблемасын шешіп, дамуына жағдай жасалады»: «Jas Otan» өкілі жастар қанатын қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты

«AMANAT» партиясының кезектен тыс өткен XXII Съезінде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесіне ерекше мән беріп, «Jas Otan» жастар қанатының жұмысына өзгерістер қажеттігін айтты. Есте болса, қаңтар айында өткен Съезде де Мемлекет басшысы жасотандықтарға қарата сын айтқан болатын.

Осы қос жиынның нәтижесінде «Jas Otan» жастар қанатының бір жылдық жоспары бекітілген. Жоспар әдеттегідей жастардың проблемасын шешуге бағытталған жобалардан құралған. Бұл қандай жобалар және жастар қанатында биыл қандай өзгерістер болады? Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы «Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Алмас Айтмұқаштан сұрап көрдік.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс өткен XXII съезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов негізгі 7 басым бағытты атап өтті. Оның ішіндегі 7-ші бағытта «Jas Otan» жастар қанатының жаңа жобаларының жүзеге асырылуы және сол жоба аясында жастардың әлеуметтік мәселелерін көтеру қаралды.

Шығыс Қазақстан өңірі бойынша қазіргі «AMANAT» партиясы жанындағы жастар қанатының алдағы уақыттағы жұмысы бекітілген жобалармен тікелей байланысты болады», - деді Алмас Айтмұқаш.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Jas Otan» жастар қанатының жұмысы алдағы бір жылда келесі жобалар бойынша жүргізіледі.

«Жобаларды таныстыра кететін болсақ: «Өрлеу» жобасы – ауыл жастармен тығыз қарым-қатынас жасауға бағытталған жоба болып отыр. Ал, «Қайсар» жобасы – жастардың бойындағы әскери патриоттық сана сезімнің жоғарлауына бағытталады. Аталған жоба аясында түрлі іс-шара, кездесулер өтеді және жастар арасындағы күрделі мәселелер тыңдалатын болады.

Сонымен қатар, жұмыссыз жастардың, базар жастарының әлеуметтенуіне бағытталған жобалар жүзеге асырылады. Аталған жобалардың алдағы бір жылда толықтай жүзеге асатынын нық сеніммен айта аламын. Сондай-ақ, креативті, өнерге жақын жастарды да ұмытпауымыз керек. Олардың да дамуына барлық жұмыстарды жасау керек деп ойлаймын.

Жаңа буынды қалыптастырумыз қажет. Көбіне жастардың тұлғалық дамуына, азаматтық белсенділігін арттыруға жағдай жасалу қажет. Бұл жерде партияның не болмаса «Jas Otan-ның» бүгінгі және ертеңгі жұмысының мәселесі тұрған жоқ. Бұл «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанаты алдағы уақытта осы мәселелерді көтеріп жастарға жағдай жасау керектігін білдіреді. Нақты жұмыс көрсеткішін іспен көрсету керек деп ойлаймын. Қағаз арқылы тек сандарды көрсеткенше алаңға шығып, жұмыссыз жастармен кездесіп, мәселесін шешу керек», - дейді ол.

Партия жетекшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша жастар арасындағы күрделі мәселелерге тоқталды.

«Шығыс Қазақстан өңірі бойынша жұмыссыздық мәселесі 6 пайызды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 3,4 пайыз. Бұл біз үшін өзекті мәселе деп ойламаймын. Десе де, жұмыссыздықты жою үшін күресу керек. Бізде басқа өңірлермен салыстырғанда жастардың өте бір күрделі мәселелері жоқ. Алдағы уақытта ауыл жастарымен кездесіп, оларды тыңдап, қорытынды шығаратын боламыз», - деді Шығыс Қазақстан облысы «Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Алмас Айтмұқаш.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының кезектен тыс өткен XXII Съезіне еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысты. Съезде Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын Nur Otan-нан «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді.

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, партияның жаңа атауы «AMANAT» болып өзгереді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Жастар #Jas Otan #Amanat