Әкімдік қызметкерлерінің салғырттығынан СҚО-да асфальт зауыты жабылып қалуы мүмкін
Ол өз құқығын қорғау үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады
Солтүстік Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауына алынған аймақта асфальт зауыты жұмыс істеп келген. Өндіріс ошағы Қызылжар ауданының Подгороне ауылында орналасқан. Облыстық жер қатынастары инспекциясы жүргізген тексеріс барысында кәсіпорынның Смирнов қорығының аумағында орналасқаны анықталды. Аудандық әкімдіктің арызы бойынша асфальт зауытына қатысты іс қаралып, заң өкілдері кәсіпорынды жабу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНА АЛЫНҒАН АЙМАҚТА 20 ЕЛДІ МЕКЕН БАР
Кәсіпкер сот шешімімен келіспейді. Себебі мемлекет қорғауына алынған аймақта 20 елді мекен және түрлі өндіріс ошақтары жұмыс істеп тұр. Бизнес өкілі кәсіп ашпас бұрын тиісті мемлекеттік органдардың рұқсатын да алған. Ол өз құқығын қорғау үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады.
«Кәсіпкер несие рәсімдеп, жерді сатып алған. Енді кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін. Зауыт орналасқан аумақ шынында мемлекет қорғауына алынған. Онда аңшылық жасауға тыйым салынған. Бірақ жерді пайдалануға рұқсат. Жер қатынастары инспекциясы осы мәселенің аражігіт ажыратып алмай, сотқа шағымданған. Сот шешімімен де келіспейміз. Егер онымен келісетін болсақ, қорық аумағындағы елді мекендерді де басқа жаққа көшіру керек. Басқа алып-қосарым жоқ», - дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім жетекшісі Айдос Кеңбейілов.
Смирнов қорығының жер көлемі 240 мың гектар. Ол бірнеше елді мекеннің түйіскен жерінде тұр. Мамлют, Аққайың, Есіл және Қызылжар аудандарының бірнеше бөлігін алып жатыр.
«Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Біз облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының ұсынысы бойынша тексеріс жүргіздік. Сондықтан қорық аумағындағы басқа нысандар туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі біз осы факті бойынша ғана жұмыс істедік. Материалдар сотқа жолданды», - дейді облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау департаменті бөлімінің басшысы Ирина Микотина.
ДАУДЫҢ БАСЫ – ТАБИҒАТ ПРОКУРОРЛАРЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ
Проблеманың барлығы табиғатты қорғау прокуратурасының тексеріс нәтижесінде облыстық жер инспекциясының шағымынан кейін басталған. Ақпан айында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот кәсіпорын ерекше қорғалатын табиғи аумақта жұмыс істей алмайды деп шешті. Сотта олар мұндай учаскелерде жер беру үкіметтің ғана құзіретіне енеді деп есептейді. Ал кәсіпкерлік субъектісі өз алаңын жергілікті атқарушы органнан алған.
Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім жетекшісі Айдос Кеңбеилов мұндай түсінікпен келіспейді. Оның үстіне, бұл бұрын өз жобаларын бастау үшін жер телімдерін алған көптеген кәсіпкерлерге төнген үлкен қауіп деп санайды.
«Бұл аймақта учаскелері бар қарапайым азаматтар әлі де зардап шегуі мүмкін. Жоғарыда аталған шешімі қисынсыз. Тұрғындар өз үйін сатқан кезде олар да үкіметке жүгінуге мәжбүр бола ма? Өйткені, ерекше қорғалатын аймақта тәуелсіз шешімдер қабылданбайды ма? Бұл сауалдарға жауап таба алмадық», - дейді Айдос Кеңбейілов.
КӘСІПКЕР СОТ ШЕШІМІНЕ ШАҒЫМДАНБАҚ
Заңнамада ерекше қорғалатын аумақтар шекарасын белгілеу ұсынылған. Мұндай аумақтар бірнеше түрге бөлінеді. Егер мемлекеттік ұлттық табиғи парк туралы болса сөз қозғалса, онда ережелер қатаңдайды. Ал солтүстік Қазақстан аумағында мұндай бір ғана нысан – Айыртау ауданында тіркелген. Ал табиғи қорықтарды пайдалану талаптары басқаша.
«Асфальт-бетон зауытын жабу – барып тұрған заңсыздық. Иә, ол мемлекет қорғауына алынған аймақта орналассын. Ол жерде бірнеше елді мекен бар. Оған не дейміз? Сонда олардың барлығын сүріп тастау керек пе? Онда тұратын халық сал ұстап, ауыл шаруашылығымен айналысып отыр. Егістік жерлер де бар. Сот ақылға қонымсыз шешім шығарып отыр. Біз соңына дейін күресіп, әділдік орнатамыз деп сенемін. Кәсіпкер ешқандай заңды бұзып отырған жоқ. Ол өз жұмысын істеп, өндіріспен айнылысып жүр. Мемлекет қазынасына кірісінің тиісті салығын төлеп отыр. Тексеріс жүргізіп «олқылық таптық» деп отырған мамандар мен соттың шешіміне қайран қалдым», - дейді зауыт директорының өкілі Олег Хрупин.
Сарапшылар асфальт-бетон зауыты үкіметтен емес, жергілікті атқарушы органнан ешқандай заң бұзушылықсыз алғанын атып өтті. Тексеріс жүргізушілердің біліктілігінің төмендігі жеке кәсіпкердің зардап шегуіне әкеліп соғуы мүмкін. Кеңес өкілдерінің табиғатты қорғау прокуратурасының сайлау тәсіліне қатысты кейбір мәселелері бар, ол дәл осы кәсіпкерді және оның жер алу заңдылығын тексеруді қолға алды. Бірінші инстанциядағы соттың шешіміне заңгер мен кәсіпкерлер палатасы біріге отырып апелляциялық сотқа шағымданбақ.