Желіде таралған порнокастинг жарнамасы тексеріліп жатыр
Нұр-Сұлтан көшелерінде порностудияны жарнамалаған көлік талқыға түсті
Порнокастинг туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл туралы Астана телеарансы хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Желіде әйгілі канадалық порностудиясының таңбасы жапсырлыған көлік қызу талқыға түсті. Оны тұрғындар бас қаладағы көшелердің бірінде байқап қалған. Онда кастинг ұйымдастырылып, жұмысқа орналастырылатыны жазылған. Полиция департаментінің өкілдері әзірге қала тұрғындарынан ешқандай шағым түспеді деп отыр.
«Департамент бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Егер факт дәлелденсе, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер жәбірленушілер немесе куәгерлер болса, полиция департаментіне шағымданса болады»,- Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Эльмира Шауленова.