«Әлі жаспын. Өмір сүргім келеді»: 34 жастағы Ақжолдың бүйрегін алмастыруға шүғыл түрде қаражат қажет
Құны 25 млн теңге болатын операцияны Түркияда жасайды, қазір қаражаттың жартысына жуығы жиналған

34 жастағы Ақжол есімді азаматқа 2021 жылы қыркүйек айында «5 сатыдағы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі» дейтін диагноз қойылды. Оның еміне қазір 15 млн теңге қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Науқас өзінің вакцина алғаннан кейін тамыз айында аяғы ісе бастағанын айтады.
«Жұмыста жүріп аса мән бермедім. Кейін демалыс алған соң, анализ тапсырдым. Сол кезде қанның құрамында биохимиялық креатинин мөлшері қалыпты жағдайда 115 болу керек болса, менде 500 екені анықталды. Осыдан кейін емделе бастадым. Бірақ одан көмек болған жоқ. Жыл басында креатинин 1090-ға дейін барды»,- дейді Ақжол.
Ақжол қазір асқынған ауруын сәл жеңілдету үшін Талдықорған қаласында аптасына үш рет 4 сағаттан гемодиализ алады. Бұл жасанды түрде бүйректі тазалап отыратын құрылғы.
«Сол қолымнан екі система салып, қанды бір жағынан алып екінші жағына құйып отырады. Бүйрек қандағы шлак пен таксиндерді және зәр шығарушы орган. Оның қызметі нашарлаған кезде организмде қанның құрамы бұзылады. Гемодиализ бір жағынан денсаулыққа зиян. Басқа көру, есте сақтау, қан қысымына кері әсер етеді», - дейді Ақжол.
Бұл дерттен құтылудың түбегейлі жолы - трансплантация жасату. Қазір ол әлеуметтік желілерде парақша ашып сол арқылы ота жасауға қаржылай көмек көрсетуді сұрап отыр.
Құны 25 млн теңге болатын операцияны Түркияда жасайды. Ал Қазақстанда ота жасату үшін ұзын-сонар кезекке тұру керек. Оған қоса, туған-туыстарының бүйрегі сәйкес келуі керек.
«Қазақстанда бүйрек ауыстыру екі жағдайда ғана мүмкін. Бірі туған-туысың өз еркімен бүйрегін беруге келіскен жағдайда, екіншісі қайтыс болған кісілердің бүйрегін алған жағдайда. Менің туыстарымның ішінде сәйкес келгендерінің денсаулығы жарамады, қан құрамы басқа болып шықты. Екінші жағдайда үміт сыйламайды. Себебі, біздің қоғамда өлім жағдайынан кейін орган алуға туған-туыстар қарсы. Мен бұл тақырыпты да зерттедім. Атырау жақта орган ауыстырған дәрігерлерді қайтыс болған адамның туыстары сотқа берген. Сотта дәрігерлер жеңіп шықса да, осыдан кейін көбінің бұл іспен байланысқылары келмейді. Сондықтан донор болатын адам жоқ. Келіскендерге талас көп. Кезекте 5000-дай адам тұр. Мен үшін жалғыз жол уақыт созбай ақылы негізде Түркияға барып ота жасату. Әлі жаспын. Өмір сүргім келеді», - дейді ол.
Амалы қалмаған Ақжол блогерлерге де хабарласып хат жазғанын айтады. Бірақ ешқайсы көмектеспепті. «Қазақстан халқына» қорына екі рет өтініш берген. Екеуінде де қабылдамаған.
«Сайттары дұрыс жұмыс жасамайды. Одан үмітім жоқ»,- дейді Ақжол.
Ақжол Байғоңысов 1987 жылы 27 қыркүйекте Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің гидрометаллургия мамандығында оқыған. Еңбек жолын Алматы облысындағы Төтенше жағдайлар департаментінде бас маман болып бастаған. 11 жылдан бері сол жерде құтқарушы болып қызмет етіп келеді. Халықты айтып келмейтін апаттан құтқарған құтқарушы енді көптің көмегіне зәру. Екі ұл тәрбиелеп отырған Ақжолдың үміті, өмірге деген құлшынысы жоғары.
Көмек қолын созамын деушілер үшін:
- Каспий номер 8771 440 24 40, Акжол Б. (Халык банкіге де тіркелген номер)
- Halyk bank: 4405 6398 1617 1084;
- Kaspi bank: 4400 4301 4920 9048;
- Әйелінің каспий номері: 8747 338 98 18. Динагуль Д.
- Halyk bank: 5483 1919 4924 2863;
- Kaspi bank: 5169 4971 1704 7666;