$ 522.63  548.66  5.07
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 13:07
Қоғам

Қазақстан халқының саны 18,61 млн адамға жетті

Бір жылда халық саны 234 мың адамға көбейген

Қазақстан халқының саны 18,61 млн адамға жетті
фото: newtimes.kz

Қазақстан халқының саны 2019 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша 18 млн 611,1 мың адамға жеткен. 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бері 234,9 мың адамға көбейіп, 1,3% өскен. Бұл туралы статистика комитеті хабарлайды.

Қалалықтардың саны 10 млн 875,7 мың адамды құраса (жалпы халық санының 58,4%-ы), ауылдық жерлерде тұратын халықтың саны 7 млн ​​735,4 мың адам екен (41,6%).

2020 жылдың 1-30 қазаны аралығында Қазақстанда халық санағы жүргізіледі. 2021 жылы халық санағының алдын-ала қорытындысы, ал 2022 жылы ақырғы қорытындысы жарияланады.

Әу баста санақ 2019 жылы жүргізіледі делінген еді, одан кейін санақ 2020 жылдың 5 ақпаны мен 5 наурызы аралығында жүргізіледі деген хабар тарады. Кейін 2020 жылдың 1-30 қазанында жүргізіледі деген ресми хабар жарияланды.

Серіктес жаңалықтары