$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 11:30
Қоғам

Аралда колледж директорының орынбасары жұмысқа тұрғызу үшін 400 мың теңге сұраған

Қызылорда облысы білім басқармасының Арал колледжі директорының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Аралда колледж директорының орынбасары жұмысқа тұрғызу үшін 400 мың теңге сұраған

«Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысы білім басқармасының «Арал көпсалалы колледжі» МКҚК директорының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол аталған колледжге оқытушы қызметіне жұмысқа тұрғызу үшін «Қызылорда облысы білім басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына 400 мың теңге көлемінде пара беруге азаматты итермелегені үшін күдікке ілінді», - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Кінәні мойындауға және күдікті мен оның қорғаушысының келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жемқорлық