$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 10:43
Қоғам

Қазақстанның еңбек нарығында қаржыгерлер мен есепшілерге әлі де сұраныс жоғары

Жалпы, елімізде 6,7 млн адам жалданып жұмыс істейді

Қазақстанның еңбек нарығында қаржыгерлер мен есепшілерге әлі де сұраныс жоғары

Былтыр желтоқсан айында Қазақстанда экономикалық белсенді азаматтардың саны 9,19 миллионды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға аз деп хабарлайды energyprom.kz. Олардың 8,75 миллионы – жұмыс істейтіндер, қалған 443,6 мыңы – жұмыссыз азаматтар.

Өткен жылдың үшінші тоқсанының көрсеткіштеріне сүйенсек, 6,67 млн адам жалданып жұмыс істейді. Ал, 2,1 млн адам – өзін өзі еңбекпен қамтығандар.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін HeadHunter зерттеу орталығы әзірлеп шықты. Орталықтың мәліметінше, 2019 жылы бос жұмыс орындар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,68 пайызға артқан. Ал, жұмыс іздеушілер саны 2,3 миллион адамнан асып жығылыпты.

Сұранысқа ие мамандықтар көшін сауда саласы бастап тұр (18,2%). Екінші орында – бухгалтерия және мекеме қаржысын басқару (8,3%). Ары қарай: әкімшілік персонал (7,2%), ақпараттық технологиялар, интернет және телебайланыс (6,5%), банк, инвестиция және лизинг (6,5%).

Бос жұмыс орындарын ұсынатын қалалар көшін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды бастап тұр. Ал, Атырау мен Шымкент тиісінше төртінші және бесінші орында.

Серіктес жаңалықтары