ШұғылҚазақстанда коронавирустан бір аптада 265 адам көз жұмды

Моншада отырып лаңкестікке үгіттеген ақтөбелік жігіттер сотталып жатыр

Сотталушының үшеуі де жұмыссыз

Фото: sputniknews.kz

Моншаға жуынуға келген жұртты лаңкестікке үгіттеген. Жат ағымның жетегінде кеткен ақтөбелік үш жігіт осы әрекеті үшін енді сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды КТК.

Айыпталушы орындығында отырғандардың үлкені – Бағдат Бисенбаев. Жасы  47-де. Жанына ерткен 27 жастағы серігі Әділжан Дәулетов екеуі сот басталған бойда-ақ кінәларын мойындаған. Ал үшінші сотталушы Ерсайын Құлымтай адвокатымен ұзақ кеңесуден соң ғана прокурорларға процессуалдық келісімге келуге өтініш білдірді. Бірақ құқық қорғаушылардың оны құптап- құптамасы белгісіз.

Үш жігіт насихат айтуға қолайлы жер ретінде моншаны таңдаған. Буға түсіп, жуынуға келгендерді радикалды ойларымен елітпек болыпты. Тіпті лаңкестікке шақырған. Бұлардың қауіпті ойын сонда барғандардың бірі таспаға түсіріп, құзырлы органдарға хабарлаған. Сотталушының үшеуі де жұмыссыз.
 

Сұхбат
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат
Имамның айтуынша, құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ