$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 04:18
Қоғам

МӘМС жүйесіне 1 сәуірге дейін тіркелу керек

Елімізде 11 миллионнан астам тұрғын мемлекет есебінен тегін емделеді

МӘМС жүйесіне 1 сәуірге дейін тіркелу керек

1 қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің жаңа жүйесі толықтай күшіне енгені белгілі.  Бұдан бұлай әрбір сақтандырылған азамат өзіне қажет ем-домын ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Ал жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділік тегін дәрігерлік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шегінде сақталады.

Елімізде 18 млн тұрғынның 11 миллионнан астамы мемлекет есебінен тегін емделеді. Оның ішінде елорда тұрғындарының шамамен 60%-ы мемлекет есебінен ем қабылдайды. Осы мақсатта Үкімет биыл 998 млрд теңге қаржы бөлген. Зейнеткерлер мен бірінші, екінші және үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көп балалы және бала күту демалысындағы әйелдер, студенттер сақтандыру қорына қаржы аудармайды.

«Біздің азаматтарға сәуір айына дейін әлеуметтік статусын анықтап, тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға тіркелуі керек. Бұл жеке кәсіпкерлер, жалдамалы қызметкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарға да қатысты», – деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қалалық филиалының директоры Айдар Сейітқазынов.

Мәселен, соңғылары елордадағы 30 емхананың тең жартысына орнатылған арнайы терминалдар арқылы жарна төлеу мүмкіндігіне ие. «Жалпы әр мекемеде 1700 азаматқа бір жалпы тәжірибелік дәрігерден келуі керек. Кері жағдайда медициналық қызмет сапасы төмендейтіні түсінікті», дейді маман.

«Азаматтардың өзіне қолайлы медициналық мекемеге тіркелу құқығы бар. Бірақ мұндай мүмкіндік жылына тек бір рет қыркүйек пен қараша айлары аралығында беріледі», – деді Айдар Сейітқазынов.

Айта кеткен жөн, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар тек аудандық ауруханамен шектелмейді. Күрделі дәрігерлік ем-шара қажет болса, елді мекен тұрғындары медициналық қызметті облыс немесе республикалық деңгейде де алуға құқылы.
 

Серіктес жаңалықтары