Елімізде 500-ден астам жастар ұйымы тіркелген

Azattyq Rýhy

Мамандар биыл өңірлерде әлеуметтік волонтерлық қарқын алады дейді

Елімізде 500-ден астам жастар ұйымы тіркелген. Волонтерлар жылында олардың жұмысы нығая түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.

Тұңғыш рет онлайн байланыс арқылы өткен жиында жастар саясатының негізгі бағыттары сараланды. Халқымыздың 4%-ын жас қазақстандықтар құрайды. Мамандардың айтуынша, биыл белсенді жастар көбейеді. Әсіресе, өңірлерде әлеуметтік волонтерлық қарқын алатын болады.

«2020 жылы жастар саясаты саласында мемлекеттік бағдарлама әзірлеу тапсырылған болатын. Сонымен қатар, заңнамалық тұрғыда өзгерістер енгізілген. Қарап отырсақ, жастар жылы бір жылмен шектеліп қойған жоқ. Ол жердегі шаралар үш жылға, одан да ұзақ жылдарға арналған. Осы 2020 жылдың өзі бағдарламалық стратегиялық құжаттардың қабылдануына үлкен септігін тигізетін жыл», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат