$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2022, 09:40
Қоғам

Қазақстандағы бүлікті ұйымдастыруға тыйым салынған діни ағым өкілдері атсалысқан – Ерлан Қарин

Олар жаңа шабуылдар жасауға әрекет етіпті

Қазақстандағы бүлікті ұйымдастыруға тыйым салынған діни ағым өкілдері атсалысқан – Ерлан Қарин
Sputnik

Қазақстанда 5-7 қаңтарда болған жаппай бүлікке радикалды, экстремистік топтардың мүшелері қатысқан. Бұл туралы Мемлекет хатшы Ерлан Қарин «Хабар-24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, желтоқсанның жиырмаларына Қазақстан аумағына шетелден бірнеше адам бір уақытта келіп, олардың бәрі 7-8 қаңтар күндері елден кетпек болған.

«Сонымен қатар, елде болған бүліктерге іштегі радикалды топтардың мүшелері де қатысқанын біздің арнайы қызмет өкілдері анықтап отыр. Шетелдік экстремистік топтарға мүше қазақстандықтар елде жаңа шабуылдар жасауға әрекет еткен. Алайда, олардың жолы кесілді», - деді Мемлекеттік хатшы.

Ерлан Қариннің айтуынша, бүліктерді ұйымдастырған негізгі топ – Қазақстан соты экстремистік деп таныған ағымның өкілдері. Дәл осы ағым ұстанушылары азаптауға, ғимараттарды өртеуге үгіттеген екен.

Серіктес жаңалықтары